2025 жылғы 15 мамырда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 мамырда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті, оған Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Мұхтарбекұлы Кеңесбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №25/2-VIII «Шемонаиха ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М. Самойлова сөз сөйлеп, 2025 жылға арналған аудандық бюджет кірістерінің ұлғаюы және оларды жолдарды жөндеуге және абаттандыруға жіберу туралы ақпаратты жеткізді.

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» және «Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» шешімдерге өзгерістер енгізілді.

 Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырумен пленарлық отырыс түрінде өткізілді.

https://www.facebook.com/share/v/1Kurnu1fy2/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/details/996209?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version