Астаналық династия 100 жылдан астам уақытын кәсіпорынға арнады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтілді. Астанада бірнеше ұрпақтан тұратын көптеген династия бар, олардың бірнеше ұрпағы қала өмірін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп келеді. Солардың бірі – «Астана-РЭК» АҚ-да 100 жылдан астам еңбек өтілі бар Тамабаевтар отбасы, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Хайролла Тамабаев 1996 жылы «Астана-РЭК» компаниясында 1-сыныпты электр желілері қызметінде жүргізуші болып еңбек жолын бастаған. Өзінің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында қазір ол арнайы фургон жүргізушісі әрі «Астана-РЭК» сынақ және диагностика қызметінде 4-разрядты электромонтер болып жұмыс істейді. Оның еңбек жолы басқа отбасы мүшелеріне де үлгі болды: алдымен туған бауырлары, кейін күйеу балалары қосылып, династияның компаниядағы өкілдері бес адамға жетті.

Хайролла Тамабаев 30 жылдан астам еңбек өтілімен жұмысында ең алдымен қауіпсіздік принциптерін ұстанатынын атап өтті.

«Энергетика саласында жұмыс істеу мен үшін өте маңызды, себебі бұл үлкен қаланың өмір негізі. Онсыз жарық, жылу, байланыс болмас еді. Мен пайдалы болғым келеді, бұл тек жұмыс емес, болашаққа салынған үлес», – дейді ол.

Электромонтер-жүргізуші ретінде ол кәсіби құралдармен жұмыс істеу негіздерін меңгеріп, кабельдер мен трансформаторларды, басқа да жабдықтарды диагностикалау жұмыстарын жүргізеді, қауіпсіздік талаптарын толықтай қатаң сақтайды.
Оның бауырлары да оның жолын қуып, осы кәсіпорында жұмыс істеп жүр. Мысалы, Ғарифолла Тамабаев 26 жыл бойы «Астана-РЭК»-те кабельдік желілер қызметінің экскаватор машинисі болып еңбек етуде. Жақсылық Тамабаев сынақ және диагностика қызметінде жүргізуші болып 21 жылдан бері жұмыс істейді.

Тамабаевтар отбасының қосымша мүшелері де кәсіпорынның дамуына үлес қосуда. Сағынтай Тамабаев 19 жыл бойы механизация және транспорт қызметінде жүргізуші болып жұмыс істесе, Серік Тамабаев осы қызметте 2 жыл еңбек етіп келеді.

«Астана-РЭК» компаниясындағы еңбек жылдарында Тамабаевтар отбасы жауапкершілік пен еңбекқорлықтың символына айналды. Отбасы мүшелерінің марапаттары арасында қала әкімдігінің және компанияның алғыс хаттары, «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медальдары бар, бұл олардың энергетика саласына қосқан елеулі үлесін көрсетеді.

«Жұмыс пен жеке өмірді дұрыс жоспарлай білу өте маңызды. Бұл бізге отбасы мүшелерімізге энергияны сақтауға және жұмысымызда тиімді болуға көмектеседі», – дейді Хайролла Тамабаев.

Отбасылық құндылықтар олардың кәсіби қызметінің негізі болып саналады.

«Бізді балалық шақтан еңбекке құрметпен қарауға, адал болуға және бір-бірімізді қолдауға үйретті. Бұл принциптерді кәсіби өмірімізге енгіздік. Осы принциптер біздің отбасымызды мықты етті, бәріміз де жоғары сапалы жұмыс істеуге тырысамыз», – дейді Хайролла.

Отбасының ең жас мүшесі, Серік Тамабаев, екі жыл бойы механизация және транспорт қызметінде жүргізуші болып жұмыс істейді, отбасылық дәстүрлерді сақтай отырып, үлкендерден тәжірибе алуда. Ол отбасында жүргізуші болуға деген махаббаттың әкесінен берілгенін айтты:
«Мен отбасымыздағы ең жас мүшесімін, бірақ бұл кәсібіме үлкен жауапкершілікпен қараймын. Жүргізуші болуға деген махаббатымыз әкемізден бізге мұра болып қалған. «Астана-РЭК» компаниясы мен үшін осы істі жалғастыруға тамаша мүмкіндік. Отбасымның қаламызға жылдар бойы қызмет етіп келе жатқанына мақтанан тұтамын», – деп атап өтті Серік Тамабаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/996208?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version