Астанада запастағы офицерлер мен сержанттар үшін кезекті жоспарлы әскери жиындар басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы 68665-әскери бөлімінің базасында елорданың Қорғаныс істері департаменті шақыртқан 100 запастағы офицер мен сержанттың кезекті жоспарлы оқу-жаттығу әскери жиындары басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиындар 14-23 мамыр аралығында жоспарға сәйкес өткізіліп жатыр. Олардың мақсаты – әскери білімді жаңарту мен жетілдіру, қажетті әскери даярлық деңгейін және тәжірибелік дағдыларды сақтау, сондай-ақ әскери міндеттілердің жауынгерлік қолдануға дайындығын қамтамасыз ету.

Жиын барысында әскери міндеттілер мына тақырыптар бойынша дайындықтан өтеді:
«Мобилизациялау және күзет ротасын жоғары жауынгерлік дайындыққа келтіру. Жауынгерлік үйлесімділікті ұйымдастыру және өткізу. Әскери және мемлекеттік маңызы бар нысандарды қорғау және күзету жұмыстарын ұйымдастыру».
«Жиынға барлығы 100 офицер мен сержант қатысып жатыр. Астанадағы меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары әскери жиындарға шақырылған қызметкерлерінің келуін қамтамасыз етті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әскери жиындар кезеңінде олардың жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады. Оқу-жаттығу жиынын сәтті аяқтаған әскери міндеттілерге кезекті әскери шендер беріледі», – деді Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковник Фархат Құрманғазинов.

Салтанатты шығарып салу барысында аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Омар Өренбаев пен Қарулы Күштердің ардагері, отставкадағы полковник Ғани Артықов құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ, әскери жиынға шақырылған белгілі әнші әрі ақын, запастағы аға лейтенант Ескендір Ибрагим авторлық әні «Көк тудың желбірегенін» орындады. Гиннестің рекордтар кітабына енген танымал блогер, спортшы Тимур Спатаев күштік спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырып, салмағы 25 кг болатын қылышпен өнер көрсетті әрі қолымен аттың тағасын иіп, шеберлік сабағын өткізді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/995245?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version