ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА АУҚЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ауданымызда өнеркәсіп саласына кезекті инвестициялық жоба тартылып, ірі қара малдың сүйек қалдықтарын терең өңдеу жобасы іске аспақ. Алдағы уақытта шетелдік «Tangshan Huating Poreelain Co 6 LTD» компаниясына Темірлан өндірістік паркінен 10,0 га жер бөлініп, рәсімделеді.
Аудан әкімі Азат Оралбаев шетелдік инвестормен кездесіп, іске асырылатын жобаға қатысты мәселелерді талқылап, аудан әкімдігі тарапынан инвесторға қажет барлық жағдайлар қарастырылып, барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Жалпы жоба құны 9,0 млрд. теңгені құрайтын толық автоматтандырылатын жоба іске қосылған уақытта 30 жұмыс орны ашылады. Өндірістік қуаттылығы тәулігіне 30 тонна ірі қара мал сүйегін терең өңдеуге қауқарлы.
Жобаны іске асыру мақсатында екі тарап ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл жоба іске асқанда өңдеу өнеркәсібі саласында өнімнің жаңа түрі өндіріліп, аудандағы инвестиция саласының дамуына серпін бермек.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/995244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version