БІР ДӘРІГЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ – БІРНЕШЕ ЖҮРЕКТІҢ ТЫНЫСЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
БІР ДӘРІГЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ –
БІРНЕШЕ ЖҮРЕКТІҢ ТЫНЫСЫ!
Медмамандардың баспана мәселесі қашан шешіледі?!
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиынға Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиева мен депутаттар, қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.
Серік Әнуарұлы алдымен медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Сырым аудандық ауруханасында 167 орта буынды медицина қызметкері бар. Олар – дәрігерлердің сенімді көмекшісі, халықтың адал қызметшілері. Ел саулығы жолындағы еңбектеріңізге алғыс айтамын! – деді әкім орынбасары.
Аудандағы ақ халаттылар қатары “жаңа жауынгерлермен” толығып келеді.
– 2023 жылы ауданымызға 3 жас маман келді. Атап айтсақ қатарымызға анестезиолог-реаниматолог, дәрігер – провизор және жалпы тәжірибе дәрігері қосылды. 2024 жылы 4 әріптеспен толықтық. Халық үшін акушер-гинекологтың келгені қуаныш болды. Сонымен бірге екі жалпы тәжірибелік дәрігердің кабинетіне ие табылды. Эпидемиолог келді қызметке. Биыл да табыссыз емеспіз. 2025 жылы ауданымызға неонатолог -балалар реаниматологы келді. Маман қазіргі таңда білім жетілдіру курсына жолданды. – деп баяндады аурухана директоры Сабыр Меңдешев.
Бас дәрігердің айтуынша кадр тапшылығын шешудің екі жолы бар. Бірі – жаңа маманды жұмысқа қабылдау. Ал, бар маманға қадірлеп, оған өсуге, бақуатты өмір сүруге мүмкіндік ұсыну – ең тиімді әдіс . Биыл балалар эндокринологі және дәрігер-трансфузиолог мамандықтары бойынша қайта даярлау курсын өткен.
Ауданда 26 дәрігер қызметте. Бірақ, әлі бос тұрған штаттар бар.
Қазіргі таңда акушер-гинеколог, балалар дәрігері, хирург, травматолог-ортопед, дерматовенеролог, онколог, екі бірдей жалпы тәжірибелі дәрігері, рентгенолог пен УДЗ маманы керек.
Негізгі мәселе – 4 медицина маманының баспана мәселесі шешілмей тұр.
Жас дәрігерлерді ауылдық жерге тұрақтандыру алғышарты – баспана. Бірақ, осы жиналыс өткенге дейін
бұл мәселені елеусіз санап келгеніміз қынжылтады.
Сабыр Ғабдылхалықұлы маман тапшылығын болдырмаудың бар амалын жасап, жан салып жатыр. Былтыр қалалық көпбейінді аурухана базасында тәжірибеден өтіп жатқан жас мамандар кездесу болып,
интерндар және резиденттер арасынан ауылдық жерде еңбек етуге ниеттілер табылған. Ал ауданда үй дайын емес.
Әкім орынбасары Серік Тоқмамбетов мәселені шешуге шұғыл жұмыстанатынын, әр маманның ауданда орыны бар екенін айтты.
Бір дәрігер – бірнеше адамның өмірі. Сондықтан, медицина мамандарын тұрғын үймен қамтуды кейінгі қалдыруға себеп жоқ.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/995805?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version