Қарағандыдағы ANA FEST: аналарға арналған шабыт пен қамқорлық мерекесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Достық үйінде Отбасы күнімен Аналар күніне арналған ANA FEST – шабыт пен қамқорлық мерекесі өтті. Іс-шараны өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырды.

       ANA FEST фестивалі – жай ғана шара емес, аналарға, әйелдерге өздерін, отбасын және қоғамдағы ана ретіндегі рөлін жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген ерекше күн болды. Фестиваль алаңы бірнеше белсенді аймақтарға бөлініп, әрбір қатысушы пайдалы ақпарат алып, құнды тәжірибе жинақтап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

Салтанатты шара Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Айжан Казимирқызы Қиясованың жүрекжарды сөзімен ашылды.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы шебер әйелдердің былғарыдан, киізден, моншақтан жасалған бұйымдары, зергерлік әшекейлер, тұрмыстық заттар мен этностильдегі киімдері қойылды.     

Шарада  этнокиім үлгілерін көрсетіп, аналарға арналған ұлттық киімдер дефилесі ұйымдастырылды. Ұлттық нақыштағы кимешек пен сән үлгілері арқылы көрермендерге халқымыздың рухани мұрасы паш етілді.

Сондай –ақ фестиваль аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға психологиялық қолдау көрсету және олардың ішкі мүмкіндіктерін ашуға бағытталған тренинг өткізілді.Тренингке әртүрлі әлеуметтік топтағы әйелдер, психологтар мен қоғам қайраткерлері қатысты. ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының психология мамандығы бойынша магистрі, философия ғылымдарының докторы (PhD)  Маржангүл Амантайқызы Құсайынова дәріс оқыды.

      Іс-шарадағы концерттік бағдарлама  барлық қатысушыларға қуаныш сыйлады.

     Ana FEST аналарға деген шексіз алғыс пен терең құрметтің символына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-ishki-sayasat/press/news/details/995804?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version