2025 жылдың 12-ші мамыры күні Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы М. Р. Жүсіпбековтың басшылығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы жалғасты. Сессия жұмысына аудан әкімі Р.М. Елубаев, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтер әкімдері, аудандық бөлім мен аумақтық ұйымдардың басшылары, Қоғамдық кеңес, Ардагерлер кеңесі мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған Ақжар ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін қарады. Ұсынылған бюджеттер жобаларында ауылдық округтер дамуының барлық негізгі аспектілері ескерілді және олар әлеуметтік-экономикалық даму болжамына толық сәйкес болды. Бұл шешімдер жобалары депутаттармен тұрақты комиссия отырысында қаралып өткен болатын. Депутаттардың шешімімен 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеттері бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-akzhar/press/news/details/994192?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау