Жұмысшы мамандықтар жылы: Ақтөбе облысының орта арнаулы білім беру мекемелеріне жаңа мамандықтар енгізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында орта арнаулы білім беру мекемелеріне еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар енгізіледі, олар: саябақ шаруашылығын басқару, лифт шаруашылығы, қонақ үй бизнесі және қоғамдық тамақтану. Бұл жаңашылдықтар жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Кәсіптік-техникалық білім беру перспективалары және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру туралы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова айтып берді.
Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірде әлеуметтік серіктестер, колледждер мен жастардың белсенді өзара іс-қимылына бағытталған 50-ге жуық бастаманы қамтитын іс-шаралар жоспары әзірленді.
Бүгінде облыста 40 колледж жұмыс істейді, онда оқушылар саны 28 мыңнан асты. 22 колледж орта кәсіптік білім беру саласында, 13 колледж жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды.
Басқарма басшысының орынбасары атап өткендей, жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді. Негізгі назар тек техникалық мамандықтарға ғана емес, сонымен қатар білім беру, медицина, IT және ауыл шаруашылығы салаларына да аударылады. Сонымен қатар, тәжірибелік білім беру бағдарламасы бойынша жұмысшы біліктілігіне 10-11 сыныптардың 128 оқушысы қабылданды.
Колледждердің 70% – дан астамын қамтитын дуалды білім беруді енгізуге ерекше назар аударылады.
“Дуалды жүйе 28 колледжде енгізілді. Көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларын, тау-кен және тамақ өнеркәсібін, қызмет көрсету және байланыс салаларын қамтиды”, – деп атап өтті Нұргүл Бертілеуова.
Ол колледждерді сегіз басым бағыт бойынша кластерлеу жүргізіліп жатқанын айтты: білім беру, құрылыс, көлік, энергетика, өнер, денсаулық сақтау, тау-кен өнеркәсібі және АӨК. Әр сала үшін негізгі колледж анықталған.
“Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру үшін мектептерде кәсіптік бағдарлау кабинеттерін ашуды қамтитын арнайы алгоритм әзірленді. “Менің кәсібім — менің болашағым” жобасы аясында өңірдің жаңа кәсіптерінің атласы құрылды, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың дерекқоры әзірленді. Оқушылардың кәсіпорындарға экскурсиялары, сондай-ақ Бос орындар жәрмеңкелері үнемі ұйымдастырылады. Жұмысшы мамандықтарының жетістіктерінің көрмелері, жас мамандар мен жұмыс берушілердің форумдары жоспарланған. Үш жыл ішінде жұмысшы мамандықтарын таңдаған түлектердің үлесі артты. 2024 жылы бұл көрсеткіш 27,8 пайызға тең болды, биыл 17 пайызға арттыру жоспарлануда”, — деп түсіндірді Бертлеуова.
Нұргүл Лескенқызы Хромтау тау-кен техникалық колледжі жанындағы автотехнопарк пен политехникалық колледж жанындағы ІТ-хабты ашу жоспарланып отырғанын айтты. Сервис колледжінде жастар арасында кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға бағытталған жобалар іске асырылатын болады. Бұл іс-шаралар жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жас ақтөбеліктердің жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/994264?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version