«АЛАТАУ АРЛАНЫ»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСУШЫ АНЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарасай ауданындағы «Ұшқоңыр» спорт кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама беретін «Алатау арланы» облыстық іріктеу жарысы өтті. Дүбірлі додада Алматы облысының барлық аудандарынан келген 90 келіден жоғары салмақтағы 32 балуан бақ сынады.

Тартысты белдесулердің нәтижесінде полиция майоры, Алматы облысы ПД ЖҚАЖ аға инспекторы Жігер Сәкенұлы жеңімпаз атанып, облыс намысын республикалық деңгейде қорғайтын мүмкіндікке ие болды.

– Спорт – полиция қызметкерлері, әсіресе арнайы бөлімшелерде қызмет ететін жауынгерлер үшін өмірдің ажырамас бөлігі. Жоғары физикалық дайындық, рухани беріктік пен төзімділік – бұл тек кәсіби талап қана емес, өмір салты. Жігер Сәкенұлының жеңісі – құқық қорғау органдарында тәртіп пен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтармен қатар, шынайы спортшылар мен елжанды патриоттар да қызмет ететінінің айқын дәлелі, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.

Жарыс көрермендер арасында зор қызығушылық тудырып, ұлттық спорттың рухын сезіндірген айтулы оқиға болды. Жеңімпазды шын жүректен құттықтай отырып, республикалық аренада сәтті өнер көрсетуіне тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1003119?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version