Құрметті ата – аналар, ұстаздар және оқушылар!
Сіздерді 2024 – 2025 оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мектеп бітіруші түлектерге даңғыл жол, жаңа мүмкіндіктер ашатын жарқын мереке. Ал мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата – ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналып отыр.
Оқушылар, сіздерді соңғы қоңыраумен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтаймын. Сіздерге, балалар, керемет жаз, жарқын күн, көңілді көңіл – күй және осы ұзақ демалыс күндерін қызықты өткізулеріңізді тілектеспін.
Құрметті түлектер! Бүгінгі жас – ертеңгі болашақ. Сондықтан, әрдайым сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңның иесі атануларыңызға тілектеспін. Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың және аялап өсірген ата – аналарыңыздың үмітін ақтап, Тәуелсіз еліміздің өсіп – өркендеуіне сіздер зор үлес қосатындарыңызға сенемін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңізге ақ жол тілеймін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1003278?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау