Республикалық «Anti-Fraud» алдын алу акциясы аясында Алматы облысы ПД Киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысы ТЖД және Көлік полициясы департаментінің қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акцияның басты мақсаты – киберқылмыстардың алдын алу және азаматтардың заманауи алаяқтық әдістері туралы хабардарлығын арттыру. Полицейлер интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері фишинг, жалған банк сайттары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық, сондай-ақ «дропперлер» – ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін өз банк шоттарын пайдалануға беретін адамдар туралы кеңінен түсіндірді.
– Полицейлер алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау керектігіне және алаяқтардың құрбаны болмау үшін қандай сақтық шараларын білу қажеттігіне ерекше назар аударды. Қатысушыларға жеке деректерді қорғау жөнінде практикалық кеңестер мен алаяқтыққа күдік туған жағдайда қандай әрекет ету керек екені туралы нақты нұсқаулық берілді, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады. Құқық қорғаушылардың айтуынша, киберқылмыстар – ең жылдам таралып жатқан қылмыс түрлерінің бірі, және оған тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1003124?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау