Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен Қазақстан Республикасының аумағына аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында Шалқар ауданына қарасты медициналық ұйымдар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік ұйымдар, төтенше жағдайлар қызметі, мемлекеттік жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау органдары және көлік мекемелері қатысуымен Шалқар станциясына қарасты теміржол тұйығында Бубонды оба ауруына күдікті науқасқа имитация жүргізу арқылы оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында қатысушыларға індеттің алдын алу, жедел әрекет ету, науқастарды анықтау және оқшаулау, санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелері бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру мүмкіндігі берілді.
Бұл шаралардың мақсаты – инфекцияның таралу қаупін барынша азайту, уақытылы және тиімді шаралар қабылдау арқылы халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1003127?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау