Аймақтық денсаулық сақтау тарихында алғаш рет Ақтөбе медициналық орталығы инсультке шалдыққан науқастарға көрсеткен жоғары деңгейдегі көмегі үшін халықаралық ауруханалар рейтингіне еніп, ең жоғары марапат — Гаухар (Бриллиант) деңгейіне ие болды. Салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылғы 21–23 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки қаласында өтті.
Бұл марапат — бас дәрігердің орынбасары Серикова Нұрбахыттың жетекшілігімен бейінді мамандардың кәсіби шеберлігі мен команда ретінде үйлесімді жұмысының нәтижесі. RES-Q тізіліміне енген және ESO Awards хаттамасын қолданатын ауруханалар инсультті емдеу саласындағы жоғары жетістіктері үшін марапатталуға мүмкіндік алады. Негізгі клиникалық көрсеткіштер бойынша жеткен нәтижелеріне қарай медициналық мекемелер Алтын, Платина және Алмаз деңгейіндегі марапаттарға ие бола алады. Бұл бағдарламаға әлем бойынша шамамен 3000 инсульт орталығы қатысады.
Айта кету керек, осы жылдың басынан бастап АМЦ-ның инсульт бөлімшесінің бастамасымен бірқатар мекемелер бұл жобаға қатысып, нәтижелеріне сәйкес рейтингке енгізілді. Соның нәтижесінде келесі ұйымдар марапатталды: Облыстық жедел жәрдем станциясы — Платина деңгейі, сондай-ақ инсульттік қызметі бар облыстық көпсалалы аурухана, Хромтау, Шалқар және Мұғалжар аудандық ауруханалары — Алтын деңгейі.
Жоғары марапатпен құттықтаймыз! Жедел ми қанайналымы бұзылысы бар науқастарға көрсетілетін шұғыл көмекті одан әрі жетілдіруде табыс тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1008500?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау