Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне жұмыс сапары барысында елді мекендерді сапалы электр қуатымен қатамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысының жай-күйімен танысты.
Аудан басшысы Бостандық, Құрама және Төңкеріс елді мекеніне қарасты көшелердің электр бағаналарын жаңарту жұмыстарының аралап, мердігерге электр бағаналары мен желілерін, трансформатордарды толық ауыстырғаннан кейін елді мекенде бұған қатысты мәселе болмауы қажет екенін ескертті. Мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде атқаруын қадағалауды ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы С. Қарақұловқа тапсырды.
Аталған елді мекен көшелеріндегі ескірген ағаш бағаналары бетон бағаналарымен жаңартылып, жаңа трансформатор қондырғысы орнатылады. Тапсырыс беруші мекеме ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1008499?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау