Іле ауданы, Көкқайнар ауылындағы Б.Соқпақбаев атындағы №53 орта мектебінде Іле ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарының қатысуымен “Бала қауіпсіздігі – басты мақсатымыз” тақырыбында арнайы іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, газ және электр құралдарын қолдану тәртібі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Құтқарушылар өрт сөндіру құралдарын көрсетті, алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-класс ұйымдастырды.
Балаларға эвакуациялау жолдары мен қауіп төнген жағдайда өзін-өзі қорғау тәсілдері үйретілді.
Бұл шараның мақсаты — балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік ережелерін меңгерту және төтенше жағдайлардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру.
ТЖД – әр баланың қауіпсіз болашағы үшін!
Алматы облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1008030?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау