Мұздықтарды сақтаудағы әйелдер форумы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) климаттық бастамалар саласындағы маңызды оқиға – «мұздықтарды сақтаудағы әйелдер» форумы өтті.

Іс-шара заң шығарушы және атқарушы билік өкілдерін, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің үкіметтік емес ұйымдарын біріктірді.

Форум аясында Тәжікстан Республикасының Орталық Азия-2025 әйелдер диалогына төрағалығының ресми ашылуы өтті.

Қазақстандық делегацияны заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ басқарды. Делегация құрамына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері де кірді.

Форумда сөз сөйлеген ҚР Экология министрлігінің өкілі «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында климаттың өзгеруінің алдын алу мен оған бейімделудегі әйелдердің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тұжырымдаманың ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі баяндалды.

Форумға қатысушылар климаттың өзгеруі, мұздықтарды сақтау және жаңа экологиялық жағдайларға бейімделу мәселелеріндегі әйелдердің шешуші рөлін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1008054?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version