29 мамыр Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлерінің кішкентай бүлдіршіндеріне 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қуанышты әрі мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар үшін түрлі ойындар, көңілді аниматорлар мен сыйлықтарға толы мереке өтті. Көңілді күлкі мен шаттыққа толы бұл күн балалар үшін нағыз ғажайыпқа айналды.
Сонымен қатар, Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметтік пәтерлерінде тұратын қызметкерлердің балаларына арналған жаңа ойын алаңы мен ойын бөлмесі салтанатты түрде ашылды.
Бұл – кішкентай тұрғындардың бос уақытын қызықты әрі қауіпсіз өткізуіне мүмкіндік беретін маңызды бастама.
Бұндай бастама барлық қызметтік пәтерлерде де балалар үшін ойын алаңын орналыстыру жұмысы әліде жалғасады.
Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған балалар сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттап, сыйлықтар табысталды.
Қуанышты балалық шақ – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Балалардың күлкісі, амандығы мен бақытты өмірі – біз үшін ең басты құндылық!
Қарағанды облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1008497?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау