2025 жылғы 27 мамырда Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №28 мекемесінде тыйым салынған заттарды пошта арқылы ішке енгізу әрекеті дер кезінде анықталып, жолы кесілді.
Оперативтік және режимдік бөлімдердің қызметкерлері прокуратура өкілінің қатысуымен келген сәлемдемені тексеру барысында күдік тудыратын заттар анықталды. Шай салынған орамның ішінен ерекше иісі бар қою жасыл түсті өсімдік тектес заттармен толтырылған 23 дана шай қалтасы және ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 3 дана зип-пакет тәркіленді.
Алдын ала мәлімет бойынша, сәлемдеме Ақтау қаласының тұрғыны арқылы жолданған. Аталған дерек бойынша материалдар тиісті органдарға тапсырылып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Мекеме әкімшілігі тыйым салынған заттардың өтіп кетуінің алдын алу мақсатында барлық келіп түскен сәлемдемелер қатаң бақылаудан өтетінін және бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1009649?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау