«Арай-Транс KZ» ЖШС жолаушылар вагондарына тексеру жүргізу аясында, көлік қызметкерлерінің санитариялық сауаттылығын арттыру мақсатында, Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Астана-Семей №122 поезының жолсеріктері арасында медициналық тексерулерден уақытылы өту жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жолаушылар вагондарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптар, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау, жою, залалсыздандыру және тазартуға қатысты санитариялық талаптар, сондай-ақ жеке гигиенаны сақтау ережелері жан-жақты түсіндірілді.
Жұмыс барысында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді, жедел ішек инфекциясының, туберкулездің алдын алу және шылым шегудің алдын алу бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1009648?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау