«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Умка» клубы аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала деген – бір бақыт…» атты мерекелік кеш өткізілді.
Балаларды мерекелерімен құттықтай келе кітапхана қызметкері бұл мереке әрбір бала үшін көптен күткен қуанышты мереке екенін, әсіресе мектеп оқушылары үшін ең ұзақ жазғы демалыспен ұласатын сүйікті мерекелердің бірі болып табылатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл тек жай мереке ғана емес, бұл балалардың бақытты балалық шағын, құқықтарын қорғауға арналған маңызды күн екендігі, балалар әрқашан қорғауды әрі белгілі бір еркіндіктерді қажет ететіндігі, онсыз мейірімді, әділ, жауапты және гуманистік қоғам қалыптастыру мүмкін еместігі айтылды.
Іс-шара викторинамен және «Бала – бақыт» әдеби лото ойынымен жалғасты. Сондай-ақ, балалар ертегілерден пазл құрастырып, зейіндері мен есте сақтау, зияткерлік қабілеттерін дамытып, ең үздік ертегі білгірін анықтады. Әрі қарай балалар екі топқа бөлініп, «Көңілді доп», «Арқан тарту» сияқты спорттық ойындарға қатысты.
Мерекелік шараға келген балалар ән айтып, тақпақ айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар «Жазда не оқу керек» атты кең көлемді кітап көрмесімен танысып, тәрбиелік сипаттағы жарқын суреттермен безендірілген балалар әдебиетіне үлкен қызығушылық танытты.
Қалалық орталық кітапхана
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1009267?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау