Халықаралық балаларды қорғау күні.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Державинск қаласының орталық алаңында және қалалық саябақта жарқын әрі мазмұнды мерекелік шара өтті.

Іс шараға аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков пен аудандық мәслихаттың төрағасы Асылхан Әлжанов қатысты.

Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков аудан балғындарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Мерекелік іс-шара аясында жоғары деңгейде көзге түскен балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Олардың қатарында пәндік олимпиадаларға, спорттық жарыстарға, оның ішінде халықаралық деңгейдегі байқауларға белсене қатысқан оқушылар мен қоғам өміріне белсенді араласып жүрген жас еріктілер бар.

Балалар үшін 20-дан астам тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды: шығармашылық шеберлік сағаттары, спорттық және зияткерлік ойындар, байқаулар, анимациялық аймақтар мен балалар ұжымдарының концерттері өтті. Балғындар түрлі-түсті бормен асфальтқа сурет салып, спорттық ойындар мен байқауларға қатысып, ән айтып, би билеп, күткен жазғы демалыстың басталуына шаттана қуанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1009266?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version