Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ. С. Байғоджаев бастаған облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс тобы жұмыс сапарымен Кеген ауданында болды.
Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары құрылыс саласындағы түйткілді мәселелері бар нысандарды аралап шықты.
Атап айтқанда:
1). Жалағаш ауылдық округіне қарасты «Торайғыр» және «Қопалы» каналдарының жұмысы;
2). Жалағаш ауылындағы ауылдық мәдениет үйі құрылысы;
3). Кеген ауылындағы «Балауса» бала бақшасы ғимараты;
4). Кеген ауылынан салынып жатқан 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы;
5). Қарқара ауылынан бастау алатын «Мөңкебай» каналы құрылысы жұмыстарымен танысып, қарап шықты.
Құрылыс нысандарын аралау барысында Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ.С. Байғоджаев құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына және белгіленген мерзімде жұмысты аяқтауды басты назарға алу қажеттігіне көңіл бөлді. Жіберілген кемшілектерді түзету жөнінде тиісті мемлекеттік орган басшыларына және мердігер компания өкілдеріне нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1006875?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау