Құрметті аудан тұрғындары!
Бөрлі аудан әкімдігі «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық конкурсының аудандық туры өтетіндігін хабарлайды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түп нұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
Құжаттар 15 мамыр-15 маусым аралығында мына мекен жай бойынша қабылданады:
Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99 үй, 104 кабинет.
«Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ
Анықтама телефондары: 20142, 21204
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-burlin/press/news/details/1006877?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау