Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен жеке инвестиция тарту бағытында жиын өтті.
Жиынға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты. Басқосуда қатысушылар ағымдағы жылы жүзеге асырылуы жоспарланған жобалар туралы баяндама жасап, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді.
Аудан әкімі тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, инвестиция тарту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашу – аудан дамуының басты басымдықтары екенін ерекше атап өтті.
Жиын соңында аудан басшысы барлық жауапты тұлғаларды бірлесе әрекет етіп, берілген тапсырмаларды уақтылы әрі сапалы орындауға шақырды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау