Ағымдағы жылдың 28 мамырында облыс прокуратурасының алқасында құқық қорғау органдарының топтық қылмыс түрлеріне қарсы іс-қимыл және олардың алдын алу жөніндегі шаралары тыңдалды.
Басты назар қылмыстылықтың ұйымдасқан түрлеріне, оның ішінде мемлекеттік шекарадағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы, экономика саласындағы қылмыстарға және есірткінің заңсыз айналымына аударылды.
Прокуратураның басшамашылығымен құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлерінен құрылған жұмыс топтары нәтижелі жұмыстар атқарды.
Бұл топтардың қызметі Шу ауданында есірткі заттарын өткізумен айналысқан қылмыстық ұйымды әшкерелеуге мүмкіндік берді, қатысушылары сотталды.
Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы бопсалау, есірткінің заңсыз айналымы, атыс қаруларын сақтау және бизнеске қамқорлық көрсетумен айналысқан 9 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ ыдыратылды.
2025 жылдың қаңтар айында топтың жетекшісі мен барлық қатысушылары ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, ұзақ мерзімді әзірлеме нәтижесінде синтетикалық есірткіні жасайтын зертхананы және оларды еліміздің бірқатар аймақтарына жеткізу арналарын ұйымдастырған қылмыстық топ әшкереленді.
Алқа отырысында 2024 жылдың қорытындысымен 9,6%-ға (280-ден 307-ге дейін) өсу үрдісі орын алған топтық қылмыстардың алдын алу шаралары тыңдалды.
Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров әзірленген кешенді шаралардың, оның ішінде прокуратураның «Есірткісіз болашақ», «Қауіпсіз шекара» және «Қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу» жобаларының тиімділігін атап өтті.
Нәтиже көрсеткендей, 2025 жылдың өткен кезеңінде топтық қылмыстардың 22,1%-ға (113-тен 88-ге дейін) төмендеу үрдісі байқалады.
Алқа шешімімен қылмыстық қудалау органдарына жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық деңгейін төмендетуге және өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған бірлескен іс-қимыл алгоритмін әзірлеу тапсырылды.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1006851?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау