Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала қорытындыларын талқылау бойынша жария талқылау өтті.
Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Амалбек Өміртай төрағалық еткен жиынға дербес бөлім басшылары, аудан тұрғындары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Мәжіліс барысында аудан әкімі аппараты заң бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қайсар Ақылбеков аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерге жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін таныстырды. Көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланды. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс фактілерін жасауға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1006665?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау