Жазғы сауықтыру лагерлеріне қойылатын талаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың сауықтыру объектілерінің (бұдан әрі – БСО) құрылысы, ұсталуы және жұмысын ұйымдастыруы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген “Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Балаларды сауықтыру объектілері (бұдан әрі – БСО) кәсіпорындардың, құрылыстардың және өзге де объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарынан, санитариялық ажыраулардан, гараждардан, автотұрақтардан, автомагистральдардан, теміржол көлігі объектілерінен, әуе көлігінің ұшу және қону маршруттарынан тыс орналастырылады.

БСО–ны авариялық ғимараттар мен үй–жайларда орналастыруға тыйым салынады.

БСО-ның аумағында және үй-жайларда олармен байланысы жоқ объектілерді функционалдық түрде орналастырмайды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес маусымдық БСО-дағы балаларды  сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай–ақ БСО-дағы тамақтану қызметтерін жеткізушілер жыл сайын жазғы сауықтыру маусымы басталғанға дейін объектінің (БСО, БСО-дағы тамақтану объектісінің) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға тиіс.

Жазғы сауықтыру маусымы ашылғанға дейін БСО-да келесілер ұйымдастырылып өткізілуі тиіс:

– аумақты қоқыстан тазарту және абаттандыру,

– үйлерді жөндеу жұмыстары (оның ішінде жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық іс–шаралар қамтитін);

– инженерлік желілер, желдету және ауа баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру (желдеткіш жүйелерін тексеру актілерінің болуы);

– ауыз суды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау (мамандандырылған ұйымдармен сумен жабдықтау жүйелерін жуу жөніндегі актінің болуы);

– профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу (іс-шаралар бойынша орындалған жұмыстар туралы актілер).  

БСО үй-жайлардың ішін әрлеу үшін жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, олардың сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттары бар уытты емес құрылыс материалдары пайдаланылады.

Объектілерлерде пайданалатын жиһаз жұмсақ және қатты мүкәммал, жабдық (медициналық жабдықтар мен аспаптарды, сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған жабдықты, қоғамдық тамақтандыру объектілері мен ас блоктары үшін технологиялық, жылу жабдығын қоса алғанда), санитариялық-техникалық аспаптар (оның ішінде унитаздар, қолжуғыштар, ванналар, душ, душ тұғырлары) жарамды күйде және мақсатына сай қолданылады.

Сауықтыру науқаны басталар алдында және әрбір ауысым аяқталғаннан кейін техникалық персонал күрделі жинау жүргізуді қамтамасыз етеді. Объектілердің барлық үй-жайлары, ғимараттары, құрылыстары мен жабдықтары таза ұсталады. Үй-жайларды ағымдағы жинау және жуу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдете отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен жүргізіледі.

Сатып алынған және пайдаланылатын өнім (оның ішінде ыдыс, жұмсақ мүкәммал (сүлгілерді, төсек-орын жабдықтарын, төсек-орын қажеттіліктерін қоса алғанда), қатты мүкәммал, жиһаз, жабдық, ойыншықтар, парфюмерлік-косметикалық өнім (тіс пасталарын қоса алғанда, адамның терісі мен шаш қабатына тікелей жағуға арналған өнім (сабынды, кремді қоса алғанда), жеке қорғаныш құралдары, жуу құралдары, тұрмыстық химия өнімдері (тауарлары), жеке гигиена құралдары) таңбалануы, оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамасы, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттар (сәйкестік туралы декларация, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, сәйкестік туралы сертификат, ерекшеліктер) бар болған кезде пайдаланылады.

Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту шарттарының бірі дұрыс ұйымдастырылған физиологиялық толық, сапалы және қауіпсіз тамақтану болып табылады, осыған байланысты БСО-да тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Балаларды сауықтыру ұйымдарының, оның ішінде ас блогының персоналы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмысқа жібере отырып, міндетті медициналық қарап-тексеруден және гигиеналық оқытудан өтуді қамтамасыз етуге тиіс.

Медицина қызметкерлері сырқаттанушылықты төмендетуге және балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлеуге, сондай-ақ екі медициналық тексерудің нәтижелерін салыстыру негізінде ауысымның басында және соңында балаларды сауықтырудың тиімділігін бағалауды қамтамасыз етуге тиіс.

Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен  бекітілген 071/у нысаны бойынша “Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған медициналық анықтама” денсаулық жағдайы туралы құжат болған кезде БСО-ға балаларды қабылдау іс-шараларын жүргізеді.

БСО-ын пайдалану барысында объектілердің әкімшілігі НҚА талаптарының, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерінің орындалуын, балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауығуы бойынша көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын (оның ішінде НҚА талаптарының сақталуын өзін-өзі бақылау объектісінде ұйымдастыру және жүргізу жолымен) қамтамасыз етуге міндетті.

Маңғыстау  облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жазғы сауықтыру маусымына дайындық жұмыстарын бастамас бұрын санитариялық қағидаларды  (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029092), алдын ала мұқият зерделеуді ұсынады, қажет болған жағдайда – объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына БСО орналастыруға, орнатуға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мәселелері бойынша консультация алу үшін жүгінуге құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1006664?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version