Елордада 8 маусым күні «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында аудан тұрғындары арасында «BAIQONYR RUN» жеңіл атлетикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жарыс 8 маусым күні «Алатау» спорт кешенінде (Ж.Тәшенев көшесі жағынан) өтеді. Жалпы қашықтық – 4 километр.
Қатысушыларды тіркеу тегін жүргізіледі және таңғы сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жалғасады. Қатысушыларға естелік медальдар табысталады. Іс-шара спорттық жарыс болып есептелмейді.
Жарыс аяқталғаннан кейін қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1013384?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау