Полицейлер кәсіби мерекеге дайындық аясында сенбілік өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сенбі күні таңертең СҚО полицейлері формаларын спорттық киімге ауыстырып, облыстық полиция департаментінің, Петропавл қалалық полиция басқармасының және аудандық полиция бөлімдерінің әкімшілік ғимараттарының айналасындағы аумақтарды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Погон таққан жандар абаттандыру ережелерін сақтау тұрғысынан жауапкершілік танытудың үлгісін көрсетті.

Республикалық сенбілік «Таза Қазақстан» акциясы және құқық қорғау органдарының кәсіби мерекесіне — Қазақстан полициясы күніне дайындық шеңберінде өтті. Өз бөлімшелеріне бекітілген аумақтарды ретке келтірген соң, полицейлер қызметтік міндеттеріне қайта кірісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1013383?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version