«Көк байрағым жасасын» атты танымдық сағат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінде. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көк байрағым жасасын» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушылар еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы тың мәліметтерге қанықты. Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен мән-маңызы жайлы еркін әңгіме өрбіді. Көпшілік өз ойларын ортаға салып, рәміздерге деген құрметін білдірді.

Жиналған қауым үшін бұл күн жай ғана танымдық сағат емес, елдікке деген мақтаныш сезімді ұялатқан ерекше сәт болды. Көк байрағымыз желбіреп тұрғанда, жүрегіміз де ел деп соға бермек!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1011827?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version