Аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті ХХV сессиясы өтті, онда аудан әкімінің орынбасары Қ.С. Иманжановтың 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі басты мәселе болды.
Сессия барысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының және аудандық мәслихаттың бюджет, салық және қаржы, экономика және инфрақұрылым, экология, кәсіпкерлік қызмет салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қорытындылары тыңдалды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті. Ауданның ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер де мақұлданды.
Бұдан басқа, депутаттар Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 18/6 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылының және ауылдық елді мекендерінің жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1011828?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау