“Заң және тәртіп” медиа-жоспары аясында ағымдағы жылдың 03 маусымында Ақтоғай ауданында азаматтарды қабылдау өтті. Аталған іс-шараға Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов, Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы Маржан Имятова, облыс прокурорының орынбасары Ербол Ысқақов, сондай-ақ адвокат, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, құқық қорғау органдары, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары қатысты.
Аудандар мен ауылдардың тұрғындары өз сұрақтарымен жүгініп, толыққанды сұрақтарға жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1012918?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау