Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталық 4-шағын аудан, 72-ғимаратта орналасқан.
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдан бастап орталық азаматтарды қабылдаудың жаңа, ашық форматына көшті. Жаңа жүйе халықпен кері байланысты күшейтіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді шешуге бағытталған.
Бекітілген кесте негізінде мұнда қала әкімі, оның орынбасарлары, сондай-ақ қалалық бөлім басшылары азаматтарды жеке қабылдайды. Қабылдауға алдын ала жазылу арқылы немесе жедел мәселе туындаған жағдайда жүгінуге мүмкіндік бар.
Азаматтарды қабылдау орталығының ашық әрі қолжетімді жұмыс тәртібі — жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтудың нақты тетігі. Бұл – билікке деген сенімді арттырып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін жүйелі шешуге жол ашады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1015485?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау