Қоғамдық Кеңес отырысы туралы
2025 жылдың 11 маусым айында, сағат 10:00-де Жарма ауданы әкімдігінің ғимаратының Кіші залында, Абай облысы Жарма ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысында: «Жарма ауданында ауылшаруашылық саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы» «Абай облысы Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауылшарушылық бөлімі» ММ-нің басшысы – Гульназ Кенжебаевна Абишеваның баяндамасы, «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің негізгі қызметі бойынша жүргізілген және 2025 жылға жоспарланған жұмыстары туралы» «Абай облысы Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысының м.а. – Әшім Саматұлы Манашовтың баяндамасы, «Жарма ауданының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Абай облысы Жарма аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары – полиция подполковнигі Дархан Маратұлы Құнанбаевтың баяндамасы, «Абай облысы Жарма ауданының Шар қаласының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының Жол картасының орындалуы туралы» Шар қаласының әкімі – Эрдос Какытаевич Мурумбаевтың баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар, Жарма аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 қарашадағы №9/114-VII «Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы қаралды.
Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылау барысында Кеңес мүшелерімен көтерілген мәселелер жөнінде мекеме басшыларына тиісті ескерту мен ұсыныстар ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zharma-maslihat/press/news/details/1015486?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау