Алматы облысында есірткі қылмысына және оны насихаттауға қарсы күрес бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Облыс орталығында прокуратура өкілдері, Есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері мен еріктілердің қатысуымен полицейлер есірткі граффитилерін жою акциясын өткізді.
– Есірткі дүкендерінің жарнамалары оқу орындарының маңында, тұрғын аудандарда және халық көп жүретін орындарда жазылады. Мұндай үгіт-насихат, ең алдымен, жасөспірімдер мен жастар үшін үлкен қауіп. Сондықтан онымен күрес жүйелі және мақсатты түрде жүргізілуде, – деп атап өтті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері.
Жыл басынан бері облыста 40-тан астам профилактикалық іс-шара өткізіліп, оның барысында екі жүзге жуық есірткі жазуы жойылды. Шараға 220-дан астам еріктілер – мектеп оқушылары, студенттер, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мүдделі азаматтар қатысты. Полициямен бірлесіп, олар ғимараттардың қабырғаларын, қоршауларды, өлімге әкелетін бизнесті насихаттаудан тазартады.
– Мұндай «жарнамалардың» артында цифрлық технологиялар мен анонимді тарату арналарын пайдаланатын қылмыстық топтар тұр. Бірақ бұл зұлымдыққа қарсы күрес негіздерінен – жастардың қызығушылығын тудыратын көрнекі іздерді жоюдан басталады, – деп атап өтті Есірткі қылмысының алдын алу кеңесінің мүшелері.
Көше акцияларымен қатар өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Мектептер мен колледждерде есірткіні қолданудың және таратудың салдары, сондай-ақ мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылған 269 дәріс өткізілді. Кездесулер барысында алдын алу бейнероликтері көрсетіліп, жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Ағымдағы жылдың 5 айында Алматы облысында әртүрлі форматтағы 423 профилактикалық іс-шара өткізілді – дәрістер мен кездесулерден бастап флешмобтар, дөңгелек үстелдер мен рейдтік шараларға дейін.
– Қоғамның араласуынсыз есірткі қылмысымен күресу мүмкін емес. Жастармен шынайы, ашық диалог жүргізіп отырған әрбір еріктіге, әрбір ұстазға, әрбір ата-анаға алғысымыз шексіз. Бүгінгі таңда жасөспірімдердің бойында осы қауіпке қарсы күшті иммунитетті қалыптастыру маңызды, – деп түйіндеді тәртіп сақшылары.
Алматы облысы Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық орындарда есірткі жарнамасы пайда болған жағдайда хабарлап, есірткі қатерінің алдын алуға белсенді араласуға шақырады. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана бұл зұлымдыққа қарсы тұрып, жаңа буынды қауіптен сақтап қалуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1016003?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау