Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы кәмелет жасқа толмағандардың арасында қылмыстардың алдын алу және қоғамда қауіпсіздікті сақтау мақсатында 30.05.2025 жылы Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен бірге «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» студенттерінің қатысуымен сот ғимаратында көрме сот процесcін өткізді.
Қылмыстық іс бойынша жасы кәмелетке толмаған алдын бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылған және сотты болған 4 жеткіншектер қала ішінде жүйелі түрде тонау және автокөліктерді ұрлау мақсатынсыз айдаумен айналысып, жәбірленушілерге материалдық шығындар келтірген.
Сот үкімімен кәмелетке толмаған 4 азамат ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2,3 тармақтарымен, 200-бабы 2-бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, тиісті жазалары тағайындалды.
Осы ашық сот процессінде студенттердің назарын Заң мен тәртіп қағидаты аясында кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сана мен жауапкершілік деңгейін арттыру және қылмыстардың алдын алу мақсатында акциясы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар аудан прокуратурасы профилактикалық әңгімелесу өткізіп, оларға қылмыстық құқық бұзушылықтармен байланысты әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заң нормаларын түсіндірді.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1016018?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау