2024 жылдың 12 маусым күні “Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы” КММ-де 11-сынып түлектері үшін таңдау пәндері бойынша мемлекеттік емтихан өткізілді.Аталған емтиханға Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев арнайы қатысып, емтихан барысын қадағалады. Емтихан үдерісі академиялық адалдық қағидаларына сай, талапқа сәйкес ұйымдастырылып, өткізілді.Барлығы 61 оқушы емтиханға қатысып, келесі пәндер бойынша білімдерін сынады:
Қазақ әдебиеті – 2 оқушы
Информатика – 4 оқушы
География – 19 оқушы
Ағылшын тілі – 7 оқушы
Физика – 2 оқушы
Дүниежүзі тарихы – 2 оқушы
Биология – 24 оқушы
Мемлекеттік емтихан оқушылардың пәндік білімін әділ бағалауға және болашақ кәсіби бағытын айқындауға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1016505?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау