Қазақстанға былтыр әкелінген жабайы жылқылар 4 маусымда табиғатқа босатылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл — 2024 жылғы маусымда әкелінген алғашқы 7 керқұлан. Жануарлар бір жыл мамандардың бақылауында жартылай ерікті жағдайда ұсталып, ойдағыдай ортаға бейімделіп үлгерді.
Жылқылар Торғай даласындағы -30 °C аязда алғашқы қыстан аман-есен шықты, үйренді, ветеринарлық тексерулерден өтті. Табиғатта жануарлардың қозғалысын бақылап отыратындай, Умбре мен Веспе деген екі биеге GPS-қарғыбау тағылды.
Босатылған жылқыларды қорғау жұмысын «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары орындайды.
Мамандар табиғи ортада жануарлардың мінез-құлқын зерттеуді және мониторингті жалғастырады.

«Керқұландардың алғаш тобын Орталық Қазақстанның жабайы табиғатына жіберу — түрді тарихи мекенінде қалпына келтіру жобасын іске асырудағы маңызды қадам. Реинтродукция орталығында сәтті өткен жануарлардың жыл бойғы тұрмысы — мамандар мен мал дәрігерлері командасының еңбегінің нәтижесі», — дейді АСБК атқарушы директоры Вера Воронова.

_
Сурет: Абдуазиз Мадьяров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1012406?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version