Қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысандар ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловтың жеке бақылауында
2025 жылы 3 маусымда Жақсы ауданының прокуроры С.А. Шарипов жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, мемлекетке прокуратура органдарымен қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан: «Кировское ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің» құрылысы барысымен танысты.
Нысанның құрылысына мемлекетке қайтарылған активтен 187 млн. теңге бөлінген.
Бұл жоба тұрғындарын жедел медициналық көмекпен қамтамасыз мақсатында жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 10% аяқталды.
Құрылыстың толық көлемде аяқталуы жобаға сәйкес ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін жоспарлануда.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1012405?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау