«AMANAT» партиясы филиалының алаңында Ақмола облысының қоғамдық кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің бірлескен отырысы өтті.
Іс-шараға өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов қатысушыларды күнделікті кәсіби қызметте «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын дәйекті іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, заңнама мен қызметтік этика нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырды.
Сәулет-құрылыс саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тиісті басқарманың басшысы Б.Оспанбеков баяндады.
Бұдан басқа, өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, өңірдің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, сондай-ақ облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшылары мен өкілдері хабарлады.
Нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді, оларды орындау үшін уәкілетті органдарға жолданды.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/1017334?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау