Ағымдағы жылдың 12 маусымында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Есіл ауданында тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың халықпен кездесуі өтті.
Құқықтық консультацияларды адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері ұсынды.
Азаматтардың өтініштері жер және мүліктік қатынастар, қалалық инфрақұрылымды дамыту, қала ішіндегі жолдарды жөндеу және басқа да өзекті тақырыптар мәселелеріне қатысты болды.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініш білдірушілерге білікті консультативтік-құқықтық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктемелер берілді.
Айта кетейік, мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың шығуы Ақмола облысының барлық аудандарына жоспарланған.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/1017335?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау