Ауыл шаруашылық құрылымдарын дамытуға арналған «Агробизнес», «Іскер», «Кең дала», «Жеңілдетілген лизинг», «Ауыл Аманаты» бағдарламалар аясында несиелендірулер жүріп жатыр.
Несиелену қаражаты облыс орталығы Өскемен қаласындағы Мал, егін шаруашылығын дамытуға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мекемесі, және де ауыл шаруашылық техникаларын алуға «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы құжаттар тапсыру арқылы жүргізіледі.
Несиелендірудің негізгі шарттары:
– Шаруа қожалығын немесе жеке кәсіпкерлігін растайтын құжаттарының болуы;
– Несиеленушінің несие тарихының дұрыс болуы, мемлекеттік салық берешегінің, әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің болмауы;
– Салық есептерінің декларациясының болуы және де жеке басын куәландыратын тағы басқа да құжаттар қажет.
№ |
Несие бағдарлама атауы |
«Агробизнес» |
«Іскер» |
«Кең Дала» |
«Жеңілдетілген Лизинг», «Қазақстанда жасалған» |
«Ауыл Аманаты» |
1 |
Несиелендіруші мекеме
|
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ |
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ |
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ |
«ҚазАгроҚаржы» АҚ |
«Ертіс» ӘКК» АҚ («Атамекен Өскемен» микроқаржылық ұйым арқылы) |
2 |
Кредиттеу мөлшерлемесі |
22% беріледі, оның 16%-ын мемлекеттік субсидиялау есебінен |
6% беріледі |
5% беріледі |
5-6% беріледі |
2,5% беріледі |
3 |
Негізгі бағыты |
Мал шаруашылығын дамытуға |
Малға, негізгі құрал, тауар айналымына |
Тұқымға, химикат, дизел отыны, қосалқы бөлшекке |
Ауыл шаруашылық техникалары мен құрал, жабдықтарын алуға |
Мал өсіруге,туризмге, өндіріске, өңдеу саласына негізгі құралдар сатып алуға бағытталған.
|
4 |
Сомасы |
1 млн.тг бастап қоятын кепіліне қарай береді |
ЖК (негізгі құрал, тауар айналымына) – 6 млн.тг, Мал алуға 5 млн.тг, ШҚ-12,0 млн.тг |
1 млн.тг бастап қоятын кепіліне қарай береді |
Ауыл шаруашылық техникалары мен құрал, жабдықтарының құны |
– жеке кәсіпкерлерге – 2500 (екі мың бес жүз)айлық есеп көрсеткішке( 9 млн 830 мың теңгеге дейін); – ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне(СПК) 8000 (сегіз мың)айлық есеп көрсеткішке(31 млн 456 мың теңгеге дейін)дейін кепілзаттың (жылжымайтын мүліктің) мөлшеріне қарай беріледі. |
5 |
Кредит мерзімі
|
10 жылға дейін |
2-3 жылға дейін |
50% – 1 желтоқсанға дейін 50% – 31 наурызға дейін |
7-10 жылға дейін |
Несие мерзімі: малға – 7 жыл, басқа бағыттарға – 5 жыл.
|
6 |
Жеңілдік кезеңі |
2 жылға дейін |
3/1 бөлігі |
|
|
Несие мерзімінің 1/3(үштен бір )бөлігін құрайды. |
7 |
Қамтамасыз ету |
Жылжымайтын мүлік |
Жылжымайтын мүлік |
Жылжымайтын мүлік
|
Техника мен құрал-жабдықтар |
Жылжымайтын мүлік
|
8 |
Кімге арналған |
Шаруа қожалықтарына (жері, малы, қора) (Зейнеткер ШҚ болады) |
ШҚ, ЖК, жұмыссыз, Өзінөзі жұмыспен қамтыған зейнеткерлікке дейінгі |
Ауыл шаруашылық құрылымдарына (егістік жері болу шарт)
|
Ауыл шаруашылық құрылымдарына (жері мен малының болу шарт) |
1. жұмыссыздар; 2. жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс табу мақсатында тауарларды өндіру (сату), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету қызметін өз бетінше жүзеге асыратын адамдар және (немесе) әрекетсіз ЖК; 3. отбасылық кәсіпкерлікте ақысыз қызметті жүзеге асыратын адамдар; 4. жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндірумен айналысатын, табысы күнкөріс минимумынан төмен тұлғалар; 5. “Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы” ҚР Заңына сәйкес қызмет атқаратын ауыл шаруашылығы кооперативтері; 6. Бастаушы және әрекеттегі жеке кәсіпкерлер. |
Қазақстандық шаруалар үшін ауыл шаруашылығы техникасын тиімді шарттармен лизингке сатып алудың «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық өндіріс техникасы мен көлік құралдарын сатып алу үшін «Қазақстанда жасалған» жеңілдетілген бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдайды.
«Қазақстанда жасалған» бағдарламасы алғаш рет 2020 жылғы сәуір айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылған болатын. Аталмыш бағдарлама «ҚазАгроҚаржы» АҚ бағдарламалар қатарындағы ең сұранысқа ие бағдарламаның бірі деп саналады. Бұл техниканы 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен, қаржыландырудың ұзақ мерзімі – 10 жылға дейін және лизинг нысанасының құнынан 15% – төмен аванстық төлеммен сатып алуға мүмкіндік беретін арнайы шарттарға байланысты.
2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» бағдарламасының шарттарын өзгеріссіз қалдырып отыр.
«Отандық өндірісті қолдау мақсатында фермерлерге отандық өндірілген/құрастырылған а/ш техникасы мен көлік құралдары мынадай жеңілдетілген шарттар бойынша қолжетімді: қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін (басқа бағдарламаларда 7 жыл), жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемесі – 6%, аванс – 15% бастап. Сондай-ақ, бірінші лизингтік төлемді субсидиялар есебінен төлеуге болады».
Ағымдағы жылы «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы да қолданыста екенін атап кетеміз. Шаруалар ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен, 7 жылдан аспайтын мерзімге, бірінші лизингтік төлемді 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен сатып ала алады.
Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алу шарттары туралы қосымша ақпаратты www.kaf.kz «ҚазАгроҚаржы» АҚ ресми сайтынан және өңірлік филиалдардан біле аласыздар.
Қосымша ақпарат алу үшін «Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуларыңызға болады.
«Зайсан ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zaysan-karabulak/press/news/details/1017212?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау