Облысымызда дін саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту семинары ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 9-11 маусым күндері Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және жаңа дағдыларды қалыптастыру» тақырыбында дін саласындағы мамандарға арналған оқыту семинары өтті. Семинардың негізгі мақсаты – дін саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, олардың діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дерадикализация жұмыстары бойынша білімдерін тереңдету және практикалық дағдыларын қалыптастыру болды. Үш күнге созылған оқыту семинары барысында дәріскерлер қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды жеткізуге бағытталған мазмұнды дәрістер оқыды.

Оқыту бағдарламасы қоғамдағы діни ахуалды талдау, қазіргі заманғы діни ағымдардың ерекшеліктері, сондай-ақ дін саласындағы қолданыстағы заңнамалық негіздерді қамтыды. Семинарға дәріскер ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері, дінтану бағыты бойынша гумманитарлық ғылымдар магистрі Б.Шоманов және тәжірибелі психолог, антитеррорлық даярлық факультетінің аға оқытушысы А.Әбдікеева шақырылды. Дәріскерлер өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылармен интерактивті форматта топтық талқылаулар мен практикалық жаттығулар арқылы жұмыс жүргізді. Оқыту нәтижесінде қатысушы мамандардың діни қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әлеуеті нығайып, олардың жаңа әдістемелер мен тиімді құралдарды меңгеруіне мүмкіндік туды. Семинар діни ахуалды тұрақтандыруға және экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Семинарға жалпы саны 30-ға жуық маман қатысты.

Б.Шоманов өз кезегінде дін мамандарына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қоғамда терроризмге қарсы  иммунитет қалыптастыру тетіктерін табу және қолдану, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кезіндегі ситуациялық жағдайлардан шығу жолдары, мақсатты топтарға сәйкес ақпарат пен тақырыптарды таңдау критерийлері жөнінде тоқталып өтсе, А.Әбдікеева қатысушыларға психологиялық дағдыларды дамытуға бағытталған дәрістерден, атап айтсақ,  тұлғаға психодиагностика жасау әдістемелері, нейро-лингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) әдістерінің негіздері, профайлинг бағытындағы негізгі ұғымдар мен тәсілдер, тұлғаның темпераментін анықтау әрекет ету стратегиялары сынды маңызды тақырыптарға тоқталып, қатысушылармен екіжақты байланыс орнатылды. Алдағы уақытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аудандардағы жұмыс тобының оңалуына әсер етуі мүмкін дейтіндей болжам бар.

Бұл дәрістер семинар қатысушыларының діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарына қажетті білімін тереңдетіп, практикалық дағдыларын жетілдіруге зор үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-din/press/news/details/1017211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version