ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Орталық Азия халқының денсаулығын сақтау мақсатында қауіпсіз және ұйымдастырылған санитария мәселелері бойынша өңірлік семинардың ашылуын өткізді. Іс-шара ДДҰ мен БҰҰ-ның су ресурстары және санитария жөніндегі аймақтық кеңсесінің қолдауымен өтті.
Сархат Бейсенова өзінің кіріспе сөзінде қауіпсіз санитариялық жағдайларға қол жеткізуді қамтамасыз ету Қазақстанның мемлекеттік санитариялық саясатының негізгі басымдығы және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті. «Біз санитариялық инфрақұрылымды тек техникалық элемент ретінде емес, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырамыз. Қазақстан тұрғылықты жері мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлығы үшін қауіпсіз санитарияға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ниетті», – деп атап өтті Комитет төрағасы.
Семинар санитариялық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және 2030 жылға дейін санитариялық қауіпсіздік жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарын қалыптастыру қажеттілігіне арналған алаңға айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1011654?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау