Жарық көшелер – Ақмешіт ауылы тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз өмірі үшін

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданында көше жарығын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Кезекті жоба Ақмешіт ауылында жүзеге асырылып жатыр. Мұнда қазіргі заманға сай жарық шамдары орнатылуда.

Аталған жобаны іске асыру үшін аудандық бюджеттен 5,8 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға «АРЭК» АҚ-ның балансындағы электр энергиясы бағаналарына бірлескен ілініс тәсілімен 58 жарық шамы орнатылды.

Көше жарығы Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шоқан Уәлиханов, Тәуке хан, Жамбыл көшелерді қамтыды. Жалпы жарықтандыру желісінің ұзындығы 4 000 метрді құрады.

Жобаны жүзеге асыру жұмыстарын «КИПЭСТ» ЖШС мердігер ұйымы атқаруда. Жобаның толық аяқталуы үшін қосымша 12 темірбетон бағана орнатылып, оларға 12 жарық шамы ілінеді.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында ауылда 20 жарық шамы орнатылған болатын. 9 шам – Ыбырай Алтынсарин көшесіне, 5 шам – Сабыр Ниязбеков көшесіне, 6 шам – Уәлиханов көшесіне орнатылып, жалпы ұзындығы 520 метрді құрады.

Аталған жоба ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алдағы уақытта бұл бастама ауданның басқа да елді мекендерінде жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1011653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version