ЖАҒАЖАЙДА ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ МАҚСАТЫНДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы жағажай демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Аталған рейдтердің басты мақсаты – қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аудару, сондай-ақ көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда тазалық сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Іс-шара барысында демалушыларға санитарлық талаптарды сақтау, қоқысты арнайы орындарға тастау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық парақтар таратылуда.
Рейдтік топ құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері мен табиғатты қорғау мекемелерінің мамандары тартылған. Шаралар жаз мезгілі бойы жалғасын табатын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1011430?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version