«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: Катонқарағай төрінде халықаралық фестиваль өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстанда жылдың ең жарқын мәдени оқиғаларының бірі – «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестиваль өтті. Катонқарағайдағы көркем табиғат аясында ұйымдастырылған іс-шараға алты мыңнан астам қонақ қатысты. Мәдени іс-шара өңірдің инфрақұрылымын, туризм және жергілікті экономиканы дамытуға серпін берді.

Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Орталық Азия мен түркі дүниесінен келген қонақтар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Ұйымдастырушылар іс-шара қонақтарға ыңғайлы болу үшін алаңға киіз үйлер, шатырлар, кэмпинг орындары мен туристерге ақпарат беретін QR-орындар орнатқан.

Фестиваль аясында «Ұлы даланың алтыны» атты бірегей жылжымалы көрме ашылды. Көрмеге мыңнан астам жәдігер қойылған. Атап айтқанда, қаған тәжінің көшірмелері мен алтын әшекейлерден бастап, қимақ жауынгерінің, Үржар абыз әйелі мен Шіліктіден табылған әйгілі «Алтын адамның» реконструкцияланған бейнелеріне дейін бар. Көрме қонақтардың зор қызығушылығын тудырып, меймандар өңірдің бай мәдени мұрасына қанықты. Іс-шараның соңында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Татарстан, Якутия және Түркиядан келген әртістердің қатысуымен үлкен гала-концерт өтті.

Катонқарағай ауданы фестивальге тыңғылықты дайындалғанын атап өткен жөн. Өңірдегі ипподром толықтай қайта жөнделіп, трибуналар орнатылып, жарық, су және электр желілері тартылған. Жолдар жаңартылып, заманауи автобекеттер қойылып, ғимараттарды безендіруге арналған бірыңғай дизайн-код жасалған.

Фестиваль тек мәдени мереке ғана емес, сонымен қатар өңірді дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Іс-шара халықаралық байланыстарды нығайтып, ішкі және келу туризмнің өсуіне, ұлттық дәстүрлерді насихаттауға зор ықпал етті. Ұйымдастырушылар фестивальді екі жылда бір рет тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: Altainews.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1017560?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version