⚜Аудан әкімі Сымбат Төретаев Құрық ауылында жүрмелі кеңес өткізді. Бірқатар нысандарды аралап, өзекті мәселелерге назар аударды. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары және жауапты мекеме өкілдері қатысты.
⚜Іс-сапар «Жолболдин» саябағынан басталды. Аудан басшысы саябақты абаттандыру жұмыстарын жеделдетуді, тазалыққа ерекше көңіл бөліп, суару жүйесін ретке келтіруді тапсырды.
⚜Келесі нысан 1-шағын ауданда салынып жатқан ашық спорт алаңы болды. Мұнда аудан әкімі құрылыс барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына баға берді.
⚜Жүрмелі кеңес барысында «КМНГР» саябағы да назардан тыс қалмады. Аталған саябақ тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналып үлгерген. Қазіргі уақытта саябақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы жұмыс қарқынын арттырып, қосымша еңбек тобын жұмылдыру арқылы саябақты толық көгалдандыруды тапсырды.
⚜Сапар аясында су резервуарларының құрылыс барысына мониторинг жүргізілді. Қазіргі таңда шалғай орналасқан екі көшені сумен қамту жұмыстары аяқталуға жақын.
⚜Шомылу маусымының басталуына байланысты аудан әкімі төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, теңіз жағалауындағы «Жағажай» демалыс орнында болып, шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, жағажай аумағының тазалығы мен жарықтандыру мәселесі бойынша ауыл әкіміне нақты міндеттер жүктелді.
Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1017612?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау