Павлодар қаласында «Bala FEST» балалар мерекесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Павлодар қалалық демалыс саябағында ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығы Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізді.

Шара «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында ашық аспанастында өткен «Bala FEST» шығармашылық фестивалі форматында өтті. Фестиваль барысында балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі шығармашылық, танымдық және ойын-сауық бағдарламалар ұсынылды.

Іс-шара бағдарламасы 500-ден астам бала мен қала тұрғындарының қатысуымен өтті және балаларды дамытудың негізгі бағыттарын – шығармашылық, спорт, мәдениет пен әдебиетті қамтыды.

Шығармашылық алаңда балалар мольберт пен асфальтта сурет салу, білезіктер, ойыншықтар мен ашық хаттар жасау, сондай-ақ ұлттық стильдегі гипс бұйымдарын бояу бойынша ұйымдастырылған шеберлік сабақтарына белсенді қатысты.

Балалар әдебиеті көрмесі аясында интерактивті кітап алаңында қазақ халық ертегілері, Қазақстанның классиктері мен заманауи авторларының шығармалары, сондай-ақ достық, табиғат және отбасы тақырыптарындағы кітаптар ұсынылды. Кішкентай оқырмандар кітап көрмесінің презентациялары мен шығармашылық аймақтарына зор қызығушылық танытты.

«Ұлы дала ойындары» этноалаңында павлодарлықтар Ұлы даланың дәстүрлі ойындарымен танысып, асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ және садақ ату сияқты ұлттық ойындарды қызығушылықпен ойнады. Алаң этностильде

киіз үйлермен және ұлттық ою-өрнектермен безендіріліп, ерекше мәдени атмосфера қалыптастырды.

Спорттық аймақта «Жігер» орталығының тәрбиеленушілері арасында «Күш, ептілік, рух» ұранымен қазақ күресі және WKF каратэ түрлері бойынша «Жігер CUP»атты ашық біріншілік ұйымдастырылды. Бұл жарыстар балалар мен жастардың спорттық шеберліктерін көрсетуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

«Балалықшақ – жарқын әлем» концерттік бағдарламасымен басты сахнада «Жігер» орталығының вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетіп, көрермендерге түрлі-түсті нөмірлерін тарту етті.

Іс-шара барысындабалалар мен ересектерүшінұйымдастырылған «Батырлар карнавалы» қуыршақшеруіерекшеқызығушылықтудырып, мерекеліккөңіл-күйдіоданәріжандандыратүсті.

«Қалалық саябақта өткен «Bala FEST» мерекесі балалардың шат күлкісімен, шығармашылығымен және жағымды эмоцияларымен ерекшеленіп, шынайы қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Аталған іс-шара қаланың жас тұрғындары мен олардың ата-аналары үшін жарқын әсер қалдырған мерекеге айналды»,  –  деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1003947?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version