Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

 

        03 маусым күні Қарақия аудандық мәслихатында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Ержан Сақтапұлы жүргізіп отырды.

        Отырысқа аудан әкімінің орынбасары С. Төкенов, аудандық мәслихат төрағасы Ж. Қалаубай, Қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

        Аудандық Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

  1. Қарақия аудандық жер бөлімінің 2025 жылға қойған жоспары мен атқарған жұмысы туралы бөлім басшысы Сәбит Құсайыновтың баяндамасы;
  2. Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқарған жұмыстардың есебі жөнінде бөлім басшысы Тұрсынбек Үмбетқалиевтің баяндамасы;
  3. Қарақия аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің атқарған жұмысы және 2025 жылға арналған жоспары туралы ақпаратты мекеме басшысының орынбасары Нұрлан Жұмабаевтың баяндамасы;

 

        Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі баяндалған мәселелерден бөлек өзге де ауылдың өзекті проблемалары жөнінде сұрақтарын қойды.

        Отырыс соңында Санат Теңелұлы көтерілген мәселелер бойынша хаттама жасақталып, аталған мәселелер қаперге алынатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-karakiya/press/news/details/1011307?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version